Қостанайлық полицейлер дін қызметкерлеріне терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша сабақ өткізді
Қостанайлық полицейлер дін қызметкерлеріне терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қазақстан Православтық Шіркеуінің Қостанай және Рудный Епархиясы” жергілікті діни бірлестігінің өкілдерімен семинар өткізді.
Кездесуге келгендерге “Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР заңнамасындағы өзгерістер”, “Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы” ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 Қаулысы жеткізілді. Сондай-ақ, полицейлер жергілікті діни бірлестік қызметшілерін терроризм актісінің орын алу қаупі төнген және күдікті зат табылған кездегі алғашқы іс-әрекеттерімен таныстырды.
– Қатысушыларға лаңкестік оқиғалары кезінде қалай әрекет жасау керектігі туралы айттық. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамадағы өзгерістер бойынша ақпараттар толығырақ түсіндірілді. Әр адам террорлық шабуылдар кезінде қалай әрекет ету керектігін білуі қажет. Жыл басынан бері осындай 70 кездесу өтті, оған барлығы 1700-ден астам адам қатысты, – дейді Қостанай облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Амангелді Бапинов.
Іс-шара барысында облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қатысушылар назарына аталған тақырып бойынша түрлі бейнематериалдарды ұсынды.