Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері 40 жастағы тұрғынның үйінен 2 келі марихуана тәркіледі

ШҚО полицейлері 40 жастағы тұрғынның үйінен екі келі марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қазан айының ортасында “Қ​арасора” және “Рефлекс” жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізу барысында Семей қаласы Полиция басқармасының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Герцен көшесінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Оның тұрғылықты жері бойынша кідіріссіз тінту барысында екі жатын бөлмедегі шкафта ішінде жасыл түсті заты бар бір қағаз түйіншек пен қорап табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ, моншаны тінту кезінде полицейлер екі полиэтилен пакет пен өсімдік тектес жасыл түсті зат салынған тегене тапты.

Сараптама қорытындысына сәйкес күдіктінің тұрғылықты жері бойынша алынған зат жалпы салмағы 2 кг 026 грамм “кептірілген марихуана” есірткі құралы болып табылады.
Жауап алу барысында күдікті өз үйінде марихуананы жеке пайдалану үшін өсіріп кептіргенін айтқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру