Қостанайлық полицейлер етті заңсыз тасымалдаудың 3 дерегін анықтады
Қостанайда «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы аясында полиция етті заңсыз тасымалдаудың 3 дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай қаласының аумағында 27-29 қараша аралығында «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Осы кезеңде полицейлер мал сою орындары мен ет өнімдерін өткізу пункттерін тиісті құжаттамамен тексерді.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында ет өнімдерін сататын 10 орын тексерілді.
Осылайша, етті тиісті құжаттарсыз заңсыз тасымалдаудың 3 дерегі анықталды.
Мысалы қаланың 49 жастағы тұрғыны Тобыл қаласынан «Дастархан» дүкеніне шошқа етін тиісті құжаттарсыз алып келген, ол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды .
Өз кезегінде полиция қызметкерлері тұрғындардан қырағы болуды және ет өнімдерін сатып алғанда тиісті құжаттарды талап етуді сұрайды .