Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер етті заңсыз тасымалдаудың 3 дерегін анықтады

Қостанайда “Мал ұрлығы” жедел алдын алу шарасы аясында полиция етті заңсыз тасымалдаудың 3 дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай қаласының аумағында 27-29 қараша аралығында “Мал ұрлығы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Осы кезеңде полицейлер мал сою орындары мен ет өнімдерін өткізу пункттерін тиісті құжаттамамен тексерді.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында ет өнімдерін сататын 10 орын тексерілді.
Осылайша, етті тиісті құжаттарсыз заңсыз тасымалдаудың 3 дерегі анықталды.

Мысалы қаланың 49 жастағы тұрғыны Тобыл қаласынан “Дастархан” дүкеніне шошқа етін тиісті құжаттарсыз алып келген, ол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды .

Өз кезегінде полиция қызметкерлері тұрғындардан қырағы болуды және ет өнімдерін сатып алғанда тиісті құжаттарды талап етуді сұрайды .

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру