Қостанайлық полицейлер жоғалған әмиянды ресейлікке қайтарып берді
Қостанайлық полицейлер қомақты ақшасы бар жоғалған әмиянды ресейлікке қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Свердлов облысы Невьянск қаласының тұрғыны Дмитрий Никитин демалыс күндері Байқоңырдан үйіне оралмақ болған. Онда ол әскердегі әріптестерімен кездесуге және зымыранның ұшқанын көруге барған. Қайтып оралғанда ол Қостанай қаласындағы кафеге тоқтаған, кейін шекарада барған кезде ол жерде қомақты ақша мен банк карталары бар барсетканы ұмытып кеткенін байқаған.
– Мен қайта оралудың қажеті жоқ деп ойладым, бірақ интернеттен кафе нөмірін табуды шештім. Өкінішке орай, телефон жауап бермеді. Кейін мен полицияға хабарластым. Жарты сағаттан кейін олар маған қоңырау шалып, барсеткаңды тапқық деп айтты, – деді Дмитрий Никитин.
Тәртіп сақшылары ресейлік азамат түскі ас ішкен үстелден барсетканы тапқан екен. Ол жақын арада шекарада жүрген Дмитрий Никитинге табысталады.
Ресей Федерациясының тұрғыны тәртіп сақшыларына көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіріп, полицейлер оның өтінішіне жедел жауап бергеніне таң қалғанын атап өтті.