Қостанайлық полицейлер жүргізушіге көлікті жөндеуге көмектесті
Қостанайлық полицейлер жүргізушіге көлікті жөндеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы тас жолда патрульдік полиция қызметкерлері сынған көлік жүргізушісіне көмек көрсетті.
23 желтоқсанда Құсмұрын ауылының 28 жасар тұрғыны Самат Ахмадиев Қостанай қаласынан үйіне келе жатады. Дүзбай ауылының жанындағы жолда көліктің дөңгелегі жарылып қалады, ал оны ауыстыру үшін жүргізушіде қосалқы дөңгелек болмаған.
Автокөлікті осы аймақтан өтіп бара жатқан патрульдік полиция қызметкерлері байқайды. Олар көліктің қасына келіп, жүргізушіге көмек ұсынады. Полиция қызметкерлері Жаслан Ысқақов пен Ренат Бушенеев ер адамға дөңгелекті жөндеп және оны орнына қоюға көмектесті.
– Көрсеткен көмектері үшін полицейлерге үлкен рақмет, олардың арқасында мен сапарымдыжалғастырып, үйіме аман-есен жеттім. Сондай-ақ, облыстық Полиция департаменті мен Әулиекөл аудандық полиция бөлімінің басшылығына көмекке келуге дайын тұрар осындай қызметкерлер тәрбиелегені үшін алғысымды білдіремін және аталған қызметкерлерді мадақтауды сұраймын, – деді Құсмұрын ауылының тұрғыны.