Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Алматы академиясы Корейлік әріптестерімен өзара ынтымақтастық туралы жоспарларын талқылады

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы Корейлік әріптестерімен өзара ынтымақтастық туралы жоспарларын талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шинхан университетінің өкілдері іссапар аясында оқу орнының білім беру процесінің негізгі бағыттарымен танысты. Корея университетінің ректоры Канг Сонг Джон академияның киберлабораториясы мен полигонының жұмысына назар аударып, интернет-қылмысқа және басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдарға енгізілетін әлеуетті қолданудың өзектілігін атап өтті. Оған IT-технологиялар саласындағы мамандардың жұмысы ықпал ететіні айтылды.

 

Сондай-ақ Канг Сонг Джон екі елдің болашақ мамандарының даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік беретініне әрі тығыз ынтымақтастыққа бастайтынына сенім білдірді.


Кездесу соңында тараптар ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ұсыныстарды талқылай отырып, алдағы қадамдарды белгіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру