ҚР ІІМ Кинология орталығының қызметкерлері профайлинг әдістемесін игерді
23-24 қаңтарда М.Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясының қызметкерлерімен ІІМ Кинологиялық орталығының қызметкерлеріне кәсіби-психологиялық даярлық тренингі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Академияның құқық қорғау қызметін басқару кафедрасының кәсіби психологтары ІІМ Кинологиялық орталықтың қызметкерлерін мнемотехника мен зияткерлік тұрақсыздықтың жаңа технологияларына үйретті.
Презентация барысында құқық қорғау органдарының жұмысында профайлинг әдісінің практикалық маңыздылығын, оны қолданудың қарапайымдылығы және өтірікті анықтау әдістерін қолданудың артықшылықтары анық көрсетілді.
Кинологтар жаңа психологиялық әдістерді үйренді. Бұл әдіс кинологтардың күнделікті қызметінде күдікті адамдарды анықтаған кезде сәтті қолданылуы мүмкін, осылайша қызметтік иттерді қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртіпті қорғауда қолдану тиімділігін арттырады.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға курсты аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.