ҚР ІІМ Ұлттық ұланы – тұрақтылық пен тыныштық қорғаны
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы – тұрақтылық пен тыныштық қорғаны, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының мiндеттерiнiң бiрi iшкi iстер органдарымен бiрлесiп қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз етуге қатысу, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде сотталған адамдардың мiнез-құлқын бақылаумен қадағалауды жүзеге асыру.
ҚР ІІМ ұлттық ұланының жедел және арнайы моторландырылған әскери бөлімдері мен бөлімшелері ішкі істер органдарымен бірлесіп Қазақстанның 21 қаласында қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысады. Патрульдік-бекеттік қызметті атқару үшін күн сайын патрульдеу мақсатында 1700-ден астам бағыттарда 5700-ден астам әскери қызметші бөлінеді, оның ішінде 191 полициямен бірлескен жаяу патрульдеу бағыттарында болса, қалған әскери қызметшілер 125 автомобиль бағыттарында тыныштық күзетеді.
Осы жылдың басынан бастап құқық тәртібі әскерлерінің әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде патрульдік-бекеттік қызметтің 3065 тапсырмасын орындады, 498 қоғамдық-саяси және басқа да бұқаралық іс-шараларды қамтамасыз етуге қатысты, сондай-ақ дағдарыстық жағдайлар мен төтенше жағдайлар кезінде 383 тапсырма орындалды.
11 943 құқық бұзушы ұсталып, ішкі істероргандарына жеткізілді, оның ішінде 515 адам қылмыс белгілерімен жеткізілді, бұл ретте мемлекет кірісіне 8 миллион 118 мың 223 теңге сомасында айыппұл өндірілді. Патрульдік-бекеттік қызмет атқару кезінде 60 бірлік суық және атыс қаруы, 98 есірткі заттары тәркіленді.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының қарауылдары қылмыстық-атқару жүйесінің 40-қа жуық мекемесін күзетуді қамтамасыз етеді. Одан бөлек 9 теміржол және 23 автожол маршруттары бойынша сотталғандарды адамдарды айдауылмен алып жүру, сондай-ақ Астана және Шымкент қалаларындағы екі соттың отырыстарын, Қазақстан Республикасы Әскери сотының, 7 мамандандырылған ауданаралық соттың, олардың ішіндегі 4 елді мекеніндегі көшпелі отырыстарының, 5 облыстық және 5 әскери соттар, бір мамандандырылған ауданаралық әскери соттар, ҰҚКД-нің 4 тергеу изоляторынан сот мекемелері секілді объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Ұлттық ұлан қарауыл қызметі сарбаздары сотталғандардың тыйым салынған ішкі аймаққа енуінің 10 фактісін болдырмай, жеті жағдайда ескерту үшін қару қолданылуларына тура келді.
Жыл басынан бергі кезеңде негізгі қоршау арқылы тыйым салынған заттарды өткізу бойынша 136 фактінің алдын алды, құқық бұзушылық кезінде 89 азамат ұсталды, бұл ретте 222 телефон, 132 sim-карта, 1 кескіш зат, жалпысалмағы 1446,36 грамм есірткі заттары мен 31 литр құрамында спирті бар сұйықтық тәркіленді.
Көлік бақылау-өткізу пункт-терінде тыйым салынған заттарды алып өту әрекеттерінің 31 фактісінің алдын алынды, бұл ретте 79 телефон, 45 sim–карта, телефондарға 170 аксессуар, 17 759 теңге сомасында қаражат тәркіленді.
Сондай-ақ 29 сот мекемесінде 9 жоспарлы, 23 автожол айдауылдау маршруттары мен сот өндірісі бойынша күзет қамтамасыз етілді. Айдауылдау бойынша қарауылдар 67 мыңға жуық сотталғандармен қамаудағы адамдарды тасымалдады, оның ішінде екі мыңнан астам сот процесі қамтамасыз етілді.
Айта кетейік, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының қатарында Арнайы және әскери тасымалдар орталығы бар, оның басты міндеті әскери, арнайыжәне өзге де тасымалдарды ұйымдастыру және жедел басқару, эшелондарды, көліктерді және басқа да есептік бірліктерді тәулік бойы бақылаудыжәне қысқа уақытта жылжытуды қамтамасыз етуболып табылады.
Қосымша Арнайы және әскери тасымалдар орталығымен 127 жоспарлы теміржол бағыттарында 14193 арнайы контингент тасымалданды; ҚАЖК өтінімдері бойынша 69 өтпелі теміржол қарауылында тасымалданған сотталғандар саны – 4744. Одан бөлек 15487 жолаушысы бар 516 әскери команда жөнелтілді.
Айта кету керек, 2024 жылдың наурыз айында басталған су тасқыны салдарынан Қазақстанның 10 өңірінде жергілікті ауқымдағы Төтенше жағдай режимі кезінде 72 мыңнан астам адам құтқарылды, оның ішінде 17 мыңнан астамы балалар. Су тасқынының зардаптарын болдырмау және халықты эвакуациялау үшін эшелондау әдісімен Қарағанды, Шымкент және Қызылорда қалаларынан 5451, 6506 және 5547 әскери бөлімдерінің жеке құрамы және 1000-нан астам адам техника тасымалдау ұйымдастырылды.