Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ішкі істер министрі елордалық ЖБО жұмысымен танысты

ҚР ішкі істер министрі елордалық ЖБО жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Астана қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығында болды. ІІМ басшысы адамға бағытталған модельді енгізу аясындағы жаңалықтармен және цифрландыру, бюрократияландыру және ақпараттық сервистерді әзірлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Күнделікті полиция қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстарды жедел ашу үшін қосымша мүмкіндіктер береді.

ІІМ министріне азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірлескен күш-жігер жұмсауға бағытталған «Көңіл көтеретін мекемелердің қауіпсіздік рейтінгі» сияқты бірқатар жаңа енгізулер көрсетілді. Есірткінің заңсыз жарнамасын анықтауға және жедел жоюға мүмкіндік беретін «Антинарко-граффити» жаңа қосымшасы көрсетілді. «Қауіпсіз үй» жобасы тұрғындарды өздерінің учаскелік инспекторымен бірлесе жұмыс істеп, құқыққа қайшы әрекеттер туралы уақытында хабарлауға ынталандырады. Учаскелік инспекторлардың ақпараттық тақталары жетілдірілді, енді онда QR коды бар, оны сканерлеу арқылы адам орын алған мәселе туралы оңай хабарлай алады, учаскелік инспекторлармен байланыса алады. Полиция қызметін цифрландыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. eGov.kz пайдаланушыларының жеке кабинеттеріне жөнелтіле отырып, қорғау ұйғарымдарын шығаруды цифрландыру және олардың сақталуын тексеруді автоматтандыру ұсынылып отыр.

Сапар барысында ақпараттық технологиялар халықты қылмыстан қорғау, қауіпсіз және жайлы жағдай жасау үшін қызметтің барлық салаларында қолданылатыны атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру