Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД-да Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтілді

Абай облысы бойынша ҚАЖД-да Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша ҚАЖД №19 мекемесінде Семей қаласының Достық үйінен келген ҚХА құрылымдарымен, этномәдени бірлестіктермен, қалалық және аудандық Достық үйлерімен жұмыс бөлімінің басшысы Сания Жаксылыкова мен ҚХА қызметін ғылыми сараптамалық ақпараттық, талдамалық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері Әлем Борібаева Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай “Қазақстан тарихындағы Қазақстан халқы ассамблеясының рөлі” және “Медиация институтын дамыту” тақырыбында қоғамдық бірлік пен келісімді нығайтуға арналған дәріс өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты – бейбітшілік пен келісімді нығайту, ортақ мәдени-рухани құндылықтар мен жалпыұлттық сананы қалыптастыру.

Сонымен қатар іс-шаралар барысында біздің республика халықтарының өкілдері арасында қазақ тілін дәріптеу туралы айтылды.

Дәрісте кадр саясат бөлімінің бастығы Дидар Жумаханова қазіргі уақытта мемлекеттік тілдің дәрежесі және кәсіби тұрғыда меңгертудің өзектілігі жайлы сөз етіп, Ана тілімізді қадірлеу баршамызға парыз болып саналатынын жеткізді.

1 мамыр Қазақстан халықының бірлігі күніне орай концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Мекеме қызметкерлері мен жеке құрамы әр тілде өнер көрсету арқылы Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың мәдениетімен таныстыра отырып, өз өнерлерін ортаға салды. Сахнадан украин, сыған, орыс және тағы басқа тілдерінде әндер шырқалды. “Тіл – татулық тірегі” атты іс-шара мекеме қызметкерлерінің және жеке құрамның белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

– Біздің мемлекетімізде барлық ұлттар мен ұлыстар бейбіт және тату өмір сүретін, түрлі салаларда, соның ішінде қылмыстық атқару жүйесіндеде табысты және адал еңбек ететін елде өмір сүріп жатырмыз.Халықтар достығы-біздің қоғамымыздың бейбітшілігі мен келісімінің негізі, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Ерсін Ахмеджанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру