Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР-ның адам құқықтары жөніндегі уәкілі СҚО бойынша ҚАЖД мекемесіне барды

Қазақстан Республикасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің № 51 мекемесіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сапар СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Әділет Мустафиновтың, Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Дәурен Ержановтың, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының 2-ші басқармасының бастығы Алмас Жалмағамбетовтің және СҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Сүлейменовтің сүйемелдеуімен жүзеге асырылды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл бейнебақылау постына барып, бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеуімен және техникалық ерекшеліктерімен танысты. А.Е. Ластаев камералар жұмысының функционалына және тұлғаны тану жүйесіне оң баға берді.

Кейін делегация сотталғандарды ұстау шарттарымен танысу үшін тұрғын аймақтың аумағына, мекеменің асханасы мен өнеркәсіптік аймағын тексерді. А. Е. Ластаев сотталғандардың еңбек жағдайымен танысып, Еңбек – Қызылжар РМК, өндірістік цехтарына және жеке кәсіпкерлерге барды.

Соңында адам құқықтары жөніндегі уәкіл жеке мәселелері бойынша бірқатар сотталғандарды қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру