Құпия сөз сандарын біліп алған: Шымкентте алаяқ әйел қолға түсті
Тұрғынның есепшотынан ақша жымқырған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз адам абоненттік нөмірінен SMS ретінде келген құпия сөз сандарын біліп алып, есепшотында болған 200 000 теңгені иемденіп кеткендігін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы, Шұбарсу елдімекенінің тұрғынын анықтап, басқармаға жеткізді. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.