Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда алаяққа алданған тұрғын 12 млн теңгесінен айырылып қалды

Оралда алаяққа алданған тұрғын 12 миллион теңгесінен айырылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың қараша айынан бері 50 жастағы Орал қаласының тұрғыны алаяққа алданып, 12 700 000 теңгесінен айырылған.

38 жастағы К. есімді әйел 50 жастағы азаматшаның үйін сатып беремін деген желеумен сенімге кіріп, оның 12 700 000 теңгесін жымқырып, алдап кеткен. Сан соққан жәбірленуші өзінің алаяқпен істес болғанын түсініп, полицияға жүгінген.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 38 жастағы әйелге алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру