Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құқық бұзған 2 мың тұрғын жауапқа тартылды

Мақтааралдық полицейлер жыл басынан бері екі мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тәртіпсіздікке “нөлдік төзімділік” қағидатын жүзеге асыруға, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға байланысты Түркістан облысының полицейлері жүйелі жұмыс жүргізуде. Түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау мақсатында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шаралар атқарылды. Соның ішінде Мақтаарал ауданының полицейлері тоғыз айда екі мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаған.

Нақтырақ айтсақ ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша – 93, 132-бабы (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) бойынша – бес, ал 133-бабы (Он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сатуы) бойынша – бір жайтты анықтаған. Одан бөлек 200-бап (ҚР заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша – 13, 204-бап (Белгіленбеген орындарда сауда жасаумен) – 104, 408-бап (Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) – 213, 434-бап (Ұсақ бұзақылықпен) – 380 құқықбұзушылық тіркелген. Сондай-ақ 437-бап (Тыныштықты бұзу) – 23, 440-бап (Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) – 274, 441-бап (Жекелеген қоғамдық орындарға темекі шегуге тыйым салуды бұзу) – 457, 442-бап (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы) – бес, 442-баптың 2-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы) – 256, 449-бап (Қоғамдық орындарда тиісу) – 73 дерек анықталып, тиісті әкімшілік шара көрілген. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан полицейлері тарапынан өз жалғасын табады.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға қоғамдық орындарда тыныштықты сақтауды, тәртіпсіздікке жол бермеуді, мас халде өзгелердің мазасын алмауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру