Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жолдағы қабылдау» мен «Ауладағы қабылдау»

«Жолдағы қабылдау» мен «Ауладағы қабылдау». Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшылығы республикалық акция аясында халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акция полицияның фронт-кеңселерінде, «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау алаңдарында, сондай-ақ Ақтау мен Жаңаөзен қалаларының барлық шағын аудандарында және облыстағы аудандарда өтеді. Сол үшін арнайы автобус тиісті баннерлермен жабдықталды.

Тұрғындар тарапынан әр түрлі сипатта сұрақтар түсті. Өткізу тәртібіне сәйкес азаматтар бір адам боп та, ұжымдық түрде де өтініштерін білдіре алды.

Тұрғындарды толғандыратын негізгі мәселелер: көші-қон заңнамасы, көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері. Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау салаларына қатысты, әлеуметтік мәселелер мен үй маңындағы аумақты абаттандыру бойынша да өтініштер тіркелді.

Сондай-ақ, жол белгілерін жаңарту, бағдаршамдар мен жол белгілерін орнату мәселесі ведомство жоспарында бар-жоғы азаматтарды қызықтырды. Олар әкімшілік айыппұлдарды төлеу, ЖҚЕ бұзу және қала жолдарында орын алып жатқан құқық бұзушылардың жазалары бойынша сауалдарды көтерді.

Таң атқалы өз сұрақтарымен 50-ден астам адам жүгінді. Әлеуметтік пайдаланушылар тікелей эфирде өз сұрақтарын қойып, кеңестер мен құзыретті жауаптар алды. Тікелей эфирге 100-ден астам пайдаланушы қосылды. Келушілерді белгілейтін проблемалық жағдайлар бойынша қажетті сұраныстар жасалады. Барлық келіп түскен өтініштерге өтініш берушілер заңмен белгіленген мерзімде жауап алады.

Әкімшілік полиция, жергілікті және көші-қон қызметтерінің басшылары облыстың аудан орталықтарында азаматтарды мобильді қабылдау жүргізді.  Акцияның бірінші  күні облыста орналасқан барлық пункттер бойынша 150-ден астам азаматтардың өтініштері келіп түсті.

Мобильді пункттерге тұрғындар тек кеңес алу үшін ғана емес, сонымен қатар ұсыныстар мен шағымдармен де жүгінген. Мысалы, көптеген адамдар қалада реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерін орнатуды ұсынды.

«Онда ЖЖЕ білмейтін жол қозғалысының жаяу қатысушыларымен реттелетін «зебра» орнататын уақыт болар еді», – деді Ақтау тұрғындарының бірі.

Азаматтардың ыңғайлылығы үшін мобильді пункттерде құжаттарды ресімдеу бойынша алдын ала жаднамалар дайындалды.

Барлық өтініштер тіркелген. Алдағы уақытта олардың әрқайсысы бойынша жұмыстар жүргізіледі, барлық мәселелер бақылауда.

Айта кетейік, аталған акция 13-14  наурыз екі күн қатарынан өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру