Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тау бөктерінен бөлшектелген тауешкі еті табылды

Алматы облысында бөліктерге бөлінген тауешкінің еті табылды, – деп хабарлады Polisia.kz. 

Полицейлер орман шаруашылығы және әскери қызметшілермен бірге Алматы облысы аумағында арнайы рейдтік іс- шаралар ұйымдастырды. Тау бөктеріндегі жерлерді қарау барысында, Алакөл ауданы Көктұма ауылының 1966 жылғы тұрғынының жайылымдық учаскесінен пакетке салынған 2 тауешкінің еті табылды.
Ұсталған азамат Сарыбөктер таулы аймағынан аңшылық қарумен 2 тауешкіні атып алғанын мойындады.
Қазіргі уақытта жедел тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚК 337-бабы «Заңсыз аң аулау» бойынша қылмыстық іс қозғалып, СДТБТ тіркелді.

Бөлінген 2 тауешкінің еті, мылтық, патрон гильзасы және басқа да заттар айғақзат ретінде тіркеліп, тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру