Құқық бұзушылықты анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр
Қарағанды қаласының Полиция басқармасы Орталық ПБ қызмет көрсететін аумағында, «Алтын-Арба» және «Шығыс» сауда кешендерінде 21-22 мамыр күндері жергілікті жұмыс жасау шараларын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті жұмыс жасау шарасына Қарағанды қаласының ПБ жедел басқару орталығы, криминалдық полиция бөлімі, кинологиялық қызмет, патрульдік полиция қызметі, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі, жергілікті полиция қызметі бөлімдері және Орталық ПБ бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды.
Аталған кешенді шараның басты мақсаты – бұрын жасалған қылмыстарды ашу және қылмыстық құқық бұзушылықтың барлық түрлерін алдын алу, ескерту, қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстардың жолын кесу, қылмыстарды ізін суытпай ашу, із- түзсіз жоғалған адамдарды анықтау, іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстау, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықты алдын алу болып табылады.
Нұсқаманы Қарағанды қаласының ПБ басшысының бірінші орынбасары Е.Е.Ақылбеков және Қарағанды қаласының ПБ басшысының орынбасары Ш.А.Салин өткізіп, жеке құрамға негізгі тапсырмаларды түсіндірді. Жұмыс барысында қойылған тапсырмаларды орындау үшін 14 топ құрылып, 50-ден астам қызметкер және кинологиялық қызметтің иттері тартылды.
ЖАШ өткізудің бірінші күні Қарағанды қаласының ІІО-на 60-қа жуық адам жеткізіліп, 50-ден аса адамның саусақ іздері алынып, 50-ге жуық адамның ұялы телефондары тексерілді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзу, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау, қоғамдық орындарда тиісу) бабтары бойынша 40-тан астам әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды.
«Алтын-Арба» және «Шығыс» сауда орындарының аумағындағы кримогендік ахуалды тұрақтандыру бойынша жұмыстар Қарағанды қаласының ПБ басшылығының бақылауында тұр.