Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция басшылығы белсенді оқушыларды марапаттады

Алматы облысында қоғамдық белсенді оқушылар полиция басшылығының алғыс хаттарына ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Панфилов ауданының тәртіп сақшылары оқу жылында қоғамдық белсенділік танытып, полицейлердің жас көмекшісі ретінде мектептегі тәртіпті қамтамасыз етуге және патриоттық тәрбие беруге белсенді атсалысқан оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, полиция басшылығы атынан алғыс хаттарды табыстады.

– Солардың бірі Пенжім орта мектебінің 7-сынып оқушысыАлина Аймұқаш. Бүгін біз оны оқу жылын үздік тәмамдауымен құттықтап, аудандық Полиция бөлімі басшысының алғыс хатын үйіне барып, табыстадық. Алина – оқу озаты, республикалық “Білген ойсана” интеллектуалды олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен үздік оқушы. Ол алғырлығымен, бастамашылдығымен көшбасшы екенін көрсетеді. Аудандық шараларда полицейлердің жас көмекшісі ретінде өзгелерге үлгі болып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлесін қосып жүр, – деді Панфилов АПБ басшысының орынбасары Жамбыл Бакетов.

Полицейлер келесі оқу жылында да белсенділік танытқан оқушыларды құттықтауды әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отыр. Аудан көлемінде жарияланған карантинге байланысты алғыс хаттарды тәртіп сақшылары кейбір оқушылардың үйіне немесе олар білім алатын мектеп әкімшілігіне табыстау туралы шешім қабылданған.

– Алғыс хат белсенді оқушыларға қосымша ынта береді деп сенеміз. Баланың талабы қолдау табуы тиіс. Келесі жылы жас көмекшілер қатары артады деп ойлаймын, – деп толықтырды Жамбыл Бакетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру