Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Павлодар облысында «Учаске» шарасы басталды
Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша шараларды күшейту мақсатында 7 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында облыс аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Осы кезеңде учаскелік инспекторлар ІІО-ның алдын алу және тізімдік есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша 100% пәтер және үй-үйді аралайды. Сондай-ақ азаматтық қарудың жеке иелерін қолда бар барлық есептер бойынша, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері бойынша қарудың сақталуын, уақтылы тіркелуін және қайта тіркелуін қамтамасыз ету тұрғыны тексереді. Қоғамға қарсы іс-әрекеттерді анықтау, сондай-ақ олардың тарапынан қараусыздық фактілерінің жолын кесу мақсатында жастар мен кәмелетке толмағандар шоғырланған жерлерді тексеріледі. Саяжай алаптарының, шаруа және фермер қожалықтарының, ауыл шаруашылығы алқаптарының, қыстақтардың, тоқтатылған және қараусыз қалған құрылыс объектілерінің, шатырлар мен жертөлелердің аумақтары да назардан тыс қалмайды, – деп жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов түсіндірді.
Өңір тұрғындары мен қонақтарын осы іс-шараны өткізуге түсіністікпен қарауды және құқық бұзушылықтарды анықтауға көмек көрсетуді сұраймыз.