«Құқықтық тәртіп»: Ақмола полицейлері 700-ден астам қару иелерін тексерді
Ақмола полицейлері «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында 700-ден астам қару иелерін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел жағдайды сауықтыру, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу және ашу мақсатында 15 қаңтардан бастап өңір аумағында ерекше өкімге дейін «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өтуде.
Өткен кезеңде ақмолалық полицейлер заңсыз айналымнан 25 бірлік атыс қаруын, 47 оқ-дәрі және 83 бірлік суық қару тәркіледі. Азаматтық атыс қаруының иелеріне олардың тұрғылықты жері бойынша 743 тексеру жүргізілді, нәтижесінде 42 иесі сақтау және тіркеу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін 53 бірлік тегіс ұңғылды атыс қаруы уақытша сақтауға алынды.
Жедел алдын алу шарасы аясында полиция қызметкерлері қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және 25 АЕК айыппұл салуды көздейтін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар, егер олардың іс-әрекеттерінде өзге қылмыстар құрамы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтан босатылады.