Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер бұрын сотты болған тұрғыннан екі бірдей қару тапты

Түркістандық полицейлер бұрын сотты болған тұрғыннан екі бірдей қару тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғынның бірі өзімен қару алып жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған хабарлама бойынша түлкібастық қызметкерлер жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ер адамның жеке басын анықтап, оны көше бойында өзінің тұрғылықты мекенжайына жақын маңнан ұстады.

Тексеру кезінде ер адамнан тегіс ұңғылы 16 калибрлі шолақ мылтық пен “спорттық сигналдық тапанша” табылып, тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда айғақты зат ретінде алынған екі қаруға сараптама тағайындалды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.

Түлкібас АПБ-ға жеткізілген күдіктінің бұрын ұрлық жасап сотты болғаны анықталды. Күдікті өз жауабында тіркелмеген заңсыз қаруларды көшеден тауып алғанын жеткізді. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру