Пробация қызметі есепте тұрған адамдарды аралауға шықты
5 наурыз күні Шығыс Қазақстанда «Құқықтық тәртіп» атты жедел профилактикалық іс-шаралар басталды. Ол 8-не дейін жалғасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысында Қылмыстық атқару жүйесі департаменті жазадан жалтарып, іздеуде жүрген қылмыскерлердің жүрген жерін анықтау үшін арнайы іс-шара өткізіп жатыр. Соның аясында Семей қаласы Затон аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған, шартты түрде бас бостандығынан айырылған адамдар тарапынан жасалатын қылмыстардың алдын алу жұмыстары да жүргізіледі. Сол үшін пробация қызметінің өкілдері учаскелік инспекторлармен бірге есепте тұрған адамдарды аралауға шығады.