Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Құқықтық тәртіп»: БҚО-да іздеуде жүрген 11 қылмыскер анықталды

БҚО-да полиция бөлімі тарапынан іздеуде жүрген 11 қылмыскер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер арасында көліктік тәртіп пен жол-көлік оқиғаларының санын төмендету мақсатында 23-29 тамыз аралығында БҚО аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Аталған мерзімде облыс бойынша 169 қылмыс тіркеліп, оның 107 факт «ізі суымай» ашылды. Соның ішінде 47 қылмыс көшелер мен қоғамдық орындарда жасалған.

Облыс көлемінде бұрын жасалған 40 қылмыс ашылып, полиция бөлімі тарапынан іздеуде жүрген 11 қылмыскер анықталды.

Іс-шара барысында заңсыз сақталған рұқсат етілмеген құралдарды, оқ-дәрілерді, есірткі заттарын, жарылғыш құралдарын анықтау бойынша барлығы 102 факті анықталды.

– Жедел алдын алу іс-шара барысында 3291 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық жасағандары үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабына сәйкес барлығы 209 адам, ал мас күйінде жүргені үшін ӘҚБтК-нің 440-бабына сәйкес 417 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қабылдау-тарату орнына 24 адам, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 301 адам орналастырылды, – деп атап өтті Жергілікті полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ернар Сұлтанғалиев .

Сондай-ақ іс-шара барысында көлік құралының жүргізушілерінің жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігіне сәйкес сегіз факті, сондай-ақ көлік құралдарын мас күйде басқарғаны үшін ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес 60 факті анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру