Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп”: Маңғыстауда ЖҚЕ бұзған 500-ге жуық жүргізуші анықталды

Маңғыстауда жол ережесін бұзған 500-ге жуық жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қаңтардан бастап Маңғыстау облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.

Іс-шараның екі күнінде полиция қызметкерлері 416 жол ережесін бұзушылықты анықтады. Тәртіп сақшылары мас күйінде көлік жүргізген төрт жүргізушіні ұстады. Бағдаршамның тыйым салынған сигналынан өткені үшін алты және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 10 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефондарды пайдаланғаны үшін 55 жүргізуші, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбағаны үшін – 121, жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде артықшылық бермегені үшін 10 жүргізуші жазаланды.

Жол ережесін бұзғаны үшін 49 жаяу жүргіншіге қатысты ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша хаттама жасақталды. Автокөлікті басқару кезінде тиісті құжаттары болмағаны үшін 18 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

– Осы екі күн ішінде жолдағы ережені сақтамаған 14 көлік айып тұрағына қамалды. Облыс тұрғындарын жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде түсіністік танытуға және полиция қызметкерлерінің талабы бойынша құжаттарды ұсынуға шақырамыз. Жедел алдын алу іс-шарасы ерекше өкімге дейін жалғасады, – деп атап өтті Маңғыстау облысы ПД бастығы Жанарбек Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру