Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да сотталған ер адам өз кәсібін бастады

СҚО-да пробация қызметінің есебіндегі С. сотты болғанына қарамастан кәсіп бастаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жұмысынан айрылып, пандемия кезінде уақытты босқа өткізбеу үшін “Бастау бизнес” оқыту бойынша онлайн курстарынан өтті. Оқуды бітіргеннен кейін сертификат алып, бизнес-жоспарды қорғап, мал шаруашылығын өсіруге мемлекеттік грант алуға өтінім берді. Өтінім мақұлданды және кішкентай арманды жүзеге асыру үшін ақша аударылды.

Өткен жылдың сәуір айында бөлінген қаражатқа С. төрт бас ІҚМ мен шөп шапқыш, жем сатып алған.

61 жастағы кәсіпкердің айтуынша, оған жүргізіп отырған кәсібі ұнайды. Өйткені С. өзі ауылда туып-өскен, мал шаруашылығы тақырыбы оған тансық емес.

Жеке қосалқы шаруашылықта ұсақ мал мен құс бар. Малды ұстауға қажетті ауылшаруашылық техникасы бар. Үйдегі жары бәріне көмектеседі. Балаларымен бірге тұрады.

Қазір сотталған адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған, аудан бюджетіне бірыңғай жиынтық төлемді үнемі төлеп отырады. Алдағы уақытта мал басын көбейтіп, сауын сиырларын өсіруді жоспарлап отыр.

– Әзірге ешқандай пайда болған жоқ. Мал бақылауда тұр. Бірақ үміт үзбеймін, – деді шаруашылығын жүргізіп отырған С.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру