Құқықтық тәртіпті нығайту – басты міндет
Биылғы жылдың 11 – 13 желтоқсаны аралығында Жамбыл облысы Сарысу ауданының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның басты мақсаты – қылмыстың алдын алу, жолын кесу, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Аталмыш іс-шара барысында полиция қызметкерлері әкімшілік аумақтардағы құқық бұзушылықтарды анықтау, аудандық полиция бөлімінің есебінде тұрған тұлғаларды тексеру бойынша жұмыстарды күшейтуде.
Сондай-ақ отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында қылмыс жасауға бейім адамдарды анықтау мен есепке қою бойынша шаралар жүзеге асырылуда.
Бұдан бөлек мал ұрлықтарының алдын алу мақсатында жедел топтар құрылып, профилактикалық және сақтық шараларын қабылдау бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
– Сарысу ауданы тұрғындарының назарына «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңға қайшы іс-әрекеттерге жол бермеуді, қағидалар мен ережелерді сақтауды ескертеміз. Құқық бұзушылықтың кез-келген түріне бейжай қарамай, шұғыл түрде полицияға хабарлауыңызды немесе «sarysu_police» парақшасына жазуыңызды сұраймын – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Алметов.