Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құрылыс алаңынан есік пен терезе ұрлаған күдікті құрықталды

Құрылыс алаңынан жалпы құны екі миллион теңге болатын есік пен терезе ұрлаған күдікті Теміртауда ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қаңтар күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескі қалалық полиция бөліміне белгісіз біреу құрылыс алаңындағы дүкенге кіріп, төрт металл есік пен металл өнімінен жасалған жеті терезені ұрлап кеткені туралы ақпарат түсті. Келтірілген шығын көлемі екі миллион теңгені құраған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

13 қаңтар күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы азамат ұсталды. Одан айғақ заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру