Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да балаларына алимент төлеуден жалтарған ер адам анықталды

ШҚО-да балаларына алимент төлеуден жалтарған ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аягөз ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесіне жеке сот орындаушысынан өз балаларын асырауға алимент төлемеген 38 жастағы борышкерді іздеуге беру туралы қаулы келіп түсті.

Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлері іздестіру ісін ашпастан, 24 сағат ішінде алимент төлеуден жалтарушының жүрген жерін анықтаған. Аталған азаматтың 800 000 теңгеден астам сомаға екі баланы күтіп-бағуға бір жылдан астам уақыт бойы алимент төлемегені мәлім болды. Ер адам жұмыссыз қалуына байланысты алиментті төлеуге мүмкіндігі болмағанын жеткізген. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады.

Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБК-нің 669-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК-нің 139-бабы) көзделгенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру