Құтқарушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
ІІМ Төтенше жағдай комитетінің құтқарушылары қысқы кезеңдегі қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қызметтік борышын
үлгілі атқарғаны, қысқы кезеңдегі қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен
жанқиярлығы үшін сегіз өрт сөндіруші мен құтқарушы «Ерлігі үшін» медалімен
марапатталды.
2020 жылғы 12-ақпанда Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаев салтанатты
түрде Ақмола облысы ТЖД Ерейментау ауданы ТЖ бөлімінің бастығы Ерлан
Айдрахмановқа, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД офицері Бауыржан Ахметалинге,
Қарағанды облысы ТЖД 2-МӨСБ жүргізушісі Мирас Қоспанбетовке, Ақтөбе
облысы ТЖД 7-ӨСБ жүргізушісі Айбек Майкуповқа, Павлодар облысы ТЖД 1-
МӨСБ аға өрт сөндірушісі Максим Марейчевке, Қостанай облысы ТЖД Арқалық қаласы ТЖ бөлімінің бас маманы Асылхан Нұрғалиевке, Ақмола облысы ТЖД бастығы Алексей Советовке, Шығыс Қазақстан облысы ТЖД 40-ӨСБ жүргізушісі Асхат Шандақпаевқа наградаларды табыс етті.
Сонымен қатар, жеті қызметкерге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД 11-ӨСБ аға өрт
сөндірушісі Ерсін Аяшовқа, Ақмола облысы ТЖД 1-МӨСБ бастығының
орынбасары Ұлан Бейсембаевқа, Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бас құтқарушысы Марат Галинға,
Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бас құтқарушысы Наурыз Қаппасовқа, Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бас құтқарушысы Виталий Кривоносовқа, Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 9 өрт сөндіру бекетінің жүргізушісі Сағит Махсотқа, Қарағанды облысы ТЖД № 17 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Вячеслав Сыропятовқа Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы қаңтар айының үшінші онкүндігінде
еліміздің солтүстік, орталық, шығыс, батыс өңірлерінің аумағында қар мол жауып, қатты желмен және қар құрсауына байланысты күрделі ауа райы жағдайлары орын алған болатын. Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Құтқарушылар күшейтілген режимде қызмет атқарды, тәулік бойы қар
құрсауына түскен азаматтарға көмек көрсетті, қиын жағдайларда авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Шұғыл кешенді шараларды қабылдау, азаматтық қорғау қызметтерінің
жұмысын үйлестіру, апат салдарын жою үшін ТЖ комитетінде және ТЖ бойынша 10 өңірлік департаментте жедел штаб жұмыс істеді, онда «қауырт желі» телефондары ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылғы 20 қаңтар мен 10 ақпан аралығында құтқарушылар, полиция
мен жол қызметтерінің қызметкерлері 3 889 адамды, оның ішінде 373 баланы
құтқарды, 4 255 адамды, оның ішінде 277 баланы эвакуациялады, 3 432 бірлік
техниканы шығарды.