Құтқарылған мүлік үшін алғыс
Қостанай ауданының полиция бөліміне ішкі істер органдарының ардагері Анатолий Чернавиннен алғыс хат келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тобыл қаласының тұрғыны полицейлерге үйлерін және гараж құрылыстарын су басқан кезде мүлкін құтқаруға қолдан келген көмегі үшін алғыс білдіреді.
Зейнеткердің айтуынша, 2020 жылдың 15 қыркүйегінде оның үйінде жаңбырдың салдарынан кәріз үзілген. Үйге жер асты суы мен кәрізден су кірді. Жағдай күрделене түскен, өйткені үй бір метрдей суға толған.
– Жағдай өте ауыр болды. Үйдің гаражында көптеген заттар, тамақ болды. Мен полиция бөлімінің бастығы Мұхтар Жайлаубековтен көмек сұрауға шешім қабылдадым, аудандық полиция басшысы дереу өзі келіп, бірден авариялық қызметті шақырды, – дейді Анатолий Чернавин.
Бірақ коммуналдық қызметкерлер сынуды жоюға тырысып жатқанда, Анатолий Чернавин Мұхтар Балтабекұлынан гараждағы заттарды судан құтқаруды өтінді. Содан кейін қосымша келген қызметкерлер заттарды қауіпсіз жерге көшірді. Осылайша, полиция ардагерінің мүлкін құтқарып қана қоймай, су тасқынының алдын алды.
Түнгі сағат 12-ден кейін полиция бөлімінің басшылығы Анатолий Чернавинге тағы да келді.
– Қызметкерлер маған келіп, денсаулығым туралы сұрап, өзімді қалай сезінетінімді және тағы не қажет екенін сұрады. Мұндай мейірімді, адамның әрекеті көп нәрсені айтады. Бұл кадрларды дұрыс таңдау мен тәрбиелеудің нәтижесі. Ал ең бастысы, бұл полиция бөлімінің бастығы Мұхтар Жайлаубековтің ықыласы мен үлкен назары, – дейді Анатолий Чернавин.
Аудандық полиция бөлімінің басшылығы өз ардагерлеріне, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің жесірлеріне, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған аудан тұрғындарына тұрақты негізде қолдау көрсетіп, көмектесіп отырады