Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мал ұрлығын алдын алу үшін рейд жүргізілуде

Түркістан облысы полиция қызметкерлері мал ұрлығын болдырмау үшін рейдтік жұмыстар жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Келес ауданы көлемінде жол қауіпсіздігін сақтау және мал ұрлығының алдын алу бағытында рейдтік іс-шара жүргізіп жатыр. Осындай шара барысында, басты назар мал тасымалдайтын жүк көліктеріне аударылып, егжей-тегжей тексеру жүргізілуде. Себебі кез келген мал ұрлығы болған жағдайда, жүк көлік құралдары арқылы тасымалданатыны белгілі. Сондықтанда мұндай жүк көліктер мен малдардың құжаттары заңға сәйкес болуы тиіс.

Осылайша полицейлер Келес ауданында орналасқан мал базарының аумағында тексеру жұмыстарын жүргізді. Олар таңғы сағат 05:00 мен кешкі 10:00 аралығында мал базарға мал артып бара жатқан автокөліктерді, оның ішіндегі малдарды құжаттарымен тексерді.

Сонымен қатар, базардағы мал иелеріне өздерінің Төрт түлігін жайылымдарда иесіз қалдырмаулары туралы ескертпелер таратылып, қосымша малдарын толық құжаттандыру мен сырғаландыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру кезінде тәртіп сақшылары малдың құжаты болмаған жағдайда оның иесі ҚР-нің Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша жауапқа тартылатыны ескертеді. Осылайша жан-жақты атқарылып жатқан шаралар нәтижесінде мал ұрлығы қылмыстарына барынша тосқауыл қойылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру