Құжатсыз көлік басқарған шымкенттік тұрғын жауапқа тартылды
Құжатсыз көлік басқарған шымкенттік тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күнделікті қызмет атқару барысында Toyota көлігінің жүргізушісі ешқандай құжатсыз көлiк құралын басқарғанын анықтады.
Нақтырақ айтсақ, түнгі уақытта полицейлер Әл-Фараби алаңында Toyotа көлігін тоқтатып, тексеру барысында жүргізушінің автокөлікті басқаруға ешқандай құжаты болмағаны білді.
Нәтижесінде, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабымен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылды. Ал көлігі айыптұраққа қойылды.
Айта өтетін ақпарат, 26 мамырда ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен көлік құралын құжатсыз басқарған сегіз жүргізуші және көлiк құралын басқару құқығы жоқ, ешқандай құжатсыз бес адам жауапқа тартылды. Азаматтарға тиісті бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.