Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құжатсыз көлік жүргізген мас жүргізуші ұсталды

Ақтөбе облысында көлік басқару құқығынсыз рөлге отқан мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қыркүйекте «Жаңажол» вахталық кентінде учаскелік полиция инспекторы 50 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Ваз-2115″ автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші 2019 жылы үш жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған болып шықты

Осыған қарамастан, ол көлікті «орташа» мас күйінде басқарды. Жүргізуші Ембі қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 11 қаңтарда күшіне енген заңға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес Қазақстанда бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған, мас күйінде көлік құралдарын басқарған жүргізушілерге қатысты жаза қатаңдатылды. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жазаны көздейді.

Осыған байланысты Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік құралдарын басқармауды сұрайды және ескертеді, Сіздің ойластырылмаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру