Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құжатсыз қалған шетелдік Атырау полицейлеріне алғысын жеткізді

Құжатсыз қалған Өзбекстан азаматшасы атыраулық полицейлерге алғысын жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Атырау қаласы Полиция басқармасы көші-қон қызметі тарапынан құжатсыз жүрген шетелдік азаматтарды анықтау жұмыстары күн тәртібінен түспейді. Осындай кезекті тексерістердің бірінде тәртіп сақшылары өзінің және бір жастағы баласының құжаттары жоқ күйде жүрген 32 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматшасын анықтаған.

32 жастағы әйелдің Атырау қаласына 2020 жылы келгені белгілі болды. Ол сол жылы жеке басын анықтайтын құжаттарын жоғалтып алған. 2021 жылы Атырау қалалық перзентханасында босанып, ұлды болған. Еліне қайта алмай, құжатсыз жүре берген. Осылайша, Атырау қалалық Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері Өзбекстан Республикасының Елшілігіне аталған азаматшаға еліне қайтару үшін берілетін куәлікті алып беруге ықпал етіп, тиісті заңды көмек көрсетті. Соның арқасында жат елде жүрген азаматша еліне, Өзбекстан Республикасына қайтарылды.

Өзбекстан елінің азаматшасы Гуляим Абдуллаева бірнеше жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселесін шешіп беріп, еліне қайтуға ықпал жасағаны үшін полицейлерге алғыс айтып, ризашылығын жеткізді. Атырау қаласы Полиция басқармасы көші-қон қызметі полицейлері алдағы уақытта да құжаттың заңдылығы бойынша тиісті жұмыстар атқаруды жалғастыра береді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру