Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаяу жүргіншілер өткелдерінде ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды

Алматы полициясы жаяу жүргіншілер өткелдерінде ұрлық жасап жүрген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Алматы полициясының қызметкерлері ұстаған  ұры кем дегенде 5 қалта ұрлығын жасаған.

-Талдықорған қаласының 19 жастағы тумасы смартфондарды ұрлады деген күдікке ілінді. Белгілі болғандай, жас жігіт бес ұрлық жасаған. Негізінен ол көшеде, бағдаршамда, көше қиылысында ұрлық жасап жүрген. Соңғы ұрлықты Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде жасаған. Оқушы қыздың қалтасынан ұялы телефонын суырып алған. Ұстау шарасын қалалық криминалдық полиция және Медеу аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері жүргізді. Жәбірленушіге тиесілі, тәркіленген ұялы телефон оның қылмыстық әрекетінің дәлелі болды. Қазір ұсталған азаматтың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Айтпақшы, жас жігіт Алматыға жұмыс істеуге келген, бірақ мүліктік қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған соң, жұмысқа орналаса алмаған. Ол қайтадан өзіне таныс “әдеттегі” жолмен табыс таба бастаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру