Құжатсыз жүргізуші мас күйде тағы да көлік басқарды
Павлодарда көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші мас күйде тағы да көлік басқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтау мақсатында Павлодар полициясының қызметкерлері күн сайын рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізеді.
30 қыркүйек күні сағат 03.40-та қала көшелерін кезекті патрульдеу кезінде полиция Гагарин көшесінде «Hyundai IX35 Tucson» маркалы автокөлігінің күдікті жүрісін байқады. Көлікті тоқтатқан тәртіп сақшылары 38 жастағы жүргізушінің мас екенін анықтады.
Сонымен қатар, оның құжаттарын тексеру кезінде полиция қызметкерлері 2018 жылы ер адамның төрт жыл мерзімге автокөлікті басқару құқығынан айырылғанын анықтады.
Бірақ, куәліктердің жоқтығына қарамастан, жүргізуші мас күйінде қайтадан рульге отырды.
Қазіргі уақытта ер адамға қатысты тексеру жүргізілуде.