Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері талқыланды

1-4 қазан аралығында республикалық “Тұрмыс” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы іс-шара аясында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Г.Шрахметованың ұйымдастыруымен Алматы аудандық Полиция басқармасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық — демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, құқық қорғаушы, қоғам қайраткері Салтанат Тұрсынбекова кездесу өтті.

Кездесу барысында жаңадан қабылданғалы жатқан “Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы”  заңның нормалары төңірегінде мәселелер талқыланды. Осы заңды жазудағы жұмыс тобының мүшесі ретінде Салтанат Пархатқызы тікелей әкімшілік аудандарда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күнделікті жұмыс жасап жүрген учаскелік полиция инспекторларымен тілдесіп, олардың ойларын біліп, өзінің ұсыныстарымен бөлісті. Кездесу өте қызықты және пайдалы болды.

Салтанат Тұрсынбекова бүкіл саналы ғұмырын қоғамдық қозғалысқа, әлеуметтік мәселелерді шешуге – әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғауға, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға арнады.

Бас прокуратурада жұмыс істей жүріп, “Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” жобасының жетекшісі болды. Елдегі әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелерін шешті. Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдердің барлық топтарына әсер ете отырып, деректерді, статистиканы жинау, талдау жұмыстарын жүргізді. Ол түрмелерде өзін-өзі қорғау үшін келген әйелдермен жұмыс істеді, сотталғандар арасында сауалнама жүргізді. Бұл мәселе өте мұқият, бірнеше алқалар, парламенттік тыңдаулар, ҮЕҰ-мен кездесулер өткізілді, заңдылық, құқық тәртібі проблемаларын зерделеу және прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру институтының Ғылыми кеңесі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру