Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІО-да қызмет еткен қарияларды әріптестері мерекемен құттықтады

Қарағанды қаласының ПБ бастығының орынбасары Ғабит Дильмагамбетов және Қарағанды қаласының ПБ ардагерлер кеңесінің төрағасы Күлғайша Әбішева ІІО-да қызмет еткен бірнеше қазына кеуде қарияларымыздың үйлерінде болып ақшалай сый-сияпат көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Қылмыспен күрес кезіндегі қиыншылықтарға қарамай, заңды қорғап, қоғамның тыныштығы мен еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің үлгісін танытудан жалыққан емессіздер, – деп ойымен бөлісті Ғ.Дилмагамбетов.

Сонымен қатар мереке күні Қарағанды қаласының ПБ Киров ПБ басшылығының ұйымдастыруымен Киров ПБ бастығының орынбасары Рустем Аринов және Киров ПБ ЖПҚБ УПИ полиция қызметкері Ерсайын Сабиев өздерінің қызмет көрсететін аумақтарында тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасында болып, азық-түлік және мектеп оқу құралдарын жетізіп қайтты. Ерік-жігерін ұрпағының жарқын болашағы үшін құрбан еткен қарттарымызды құрметтеу осы бір айтулы датамен өлшенбек емес, оларға күнделікті қамқорлық, қолдау көрсету біздің басты парызымыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру