Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз айналымнан 20 бірлік қару алынды

Ақтөбелік полицейлер “Қару” жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау мақсатында 2020 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында “Қару” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Жалпы облыс бойынша тіркелген 8 416 қару иесінің (12 699 қару бар) 8 185-і тұрғылықты жері бойынша тексерілді, бұл дегеніміз 97,3%.

Жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде барлығы 243 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде қаруды заңсыз сақтау – 19, қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін – 158 (оның ішінде сейфтің қабырғаға бекітілмегені – 15, сейфтің металл қалыңдығының параметрлерін сақтамау – тоғыз, дабыл сигналының ақауы – 57 және басқалары – 77) және қаруды қайта тіркеуді бұзғаны үшін 66 факт тіркелді.

Заңсыз айналымнан барлығы 20 бірлік қару алынды, оның ішінде ойық қару – бір, тегіс ұңғылы қару – 15 және қолдан жасалған қару  – бір, сондай-ақ үш бірлік электршокер алынды. Сонымен қатар, азаматтардан 50 пышақ тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру