Құжаттарды тексеру барысында жүргізуші есірткі оралған қағазды лақтырып жіберген
Қарағандыда құжаттарды тексеру барысында жүргізуші есірткі оралған қағазды лақтырып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 сәуірде Қарағанды қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөлімінде әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оған полиция бөлімі мен патрульдік полиция полкінің жеке құрамы тартылды.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері 33 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде 18-і жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, екі қылмыстың беті ашылды.
Мәселен, сағат 23.00 шамасында патрульдік полиция полкінің жасағы Магнитогорская көшесімен аса жылдамдықпен келе жатқан көлікке назар аударады. Аталған көлікті полицейлер 25 жастағы ер адамның басқаруымен тоқтатты. Көлікті қарау және құжаттарды тексеру барысында жүргізуші жерге есірткі заттар оралған қағазды лақтырып жіберген. Қазіргі уақытта ол сараптамаға жіберілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, бұрын жасалған бір қылмыс ашылды. 10 сәуірде 59 жастағы қала тұрғыны Октябрь полиция бөліміне арызбен жүгінді. Ол белгісіз біреудің 180 мың теңге ұрлап кеткенін хабарлады. Ұрлық пәтерде қонақтар болған кезде орын алған. Полиция ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.
20 сәуірде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 36 жастағы күдікті әйелді анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Заттай дәлелдемелер алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.