Құжаты жоқ 172 адам анықталды
Жамбыл облысының полицейлері облыс аумағында тұратын құқықтық мәртебесі жоқ 172 адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының полицейлері облыс аумағында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына қатыстылығының дәлелі жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған шаралар барысында құжатсыз жүрген 172 адамды анықтады. Оның ішінде 33 азамат КСРО паспорты бойынша жүрсе, 68 азамат басқа құжаттар бойынша жүрген, бұдан басқа полицейлер азаматтығы жоқ 22 тұлғаны, басқа мемлекеттің азаматтығынан шығуына байланысты азаматтығы жоқ деп танылған 30 тұлғаны тапты.