Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қымбат опа-далапқа оңай қол жеткізбек болған қыз ұсталды

Қарағандыда қымбат косметика ұрлаған қыз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қарашада Қарағанды қаласының ПБ Жаңа Майқұдық полиция бөліміне 51 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреудің үйде болған кезде «Мэри Кей» фирмасының косметикалық өнімдерін ұрлап кеткендігі туралы шағымданған.

Келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құрады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Респбликасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.

27 қарашада жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған 23 жастағы қызды ұстады. Күдікті қылмысын мойындап, одан айғақ заттар алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру