Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тергеу изоляторында Тұңғыш Президент күні атап өтілді

Атыраудағы тергеу изоляторында Тұңғыш Президент күні аталып өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атыраудағы тергеу изоляторында 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай сотталғандар арасында байқау өтті. Екі бөлімнен тұрған байқаудың басты мақсаты – жастардың патриоттық сезімдерін ояту.

Байқаудың бірінші бөлімінде сотталған азаматтар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы туралы сұрақтарға жауап берсе, байқаудың екінші бөлімінде Елбасының шығармаларынан үзінді оқып берді.

– Еліміздің әрбір азаматы Елбасымыздың өмір жолынан үлгі алсын, елімізді көркейтуге үлес қоссын деген ниетпен бүгінгі шараны ұйымдастырып отырмыз, – деді УГ-157/1 мекемесінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторы Еркебұлан Аманиязов.

Шара соңында жеңімпаз мекеме бастығының алғыс хатымен марапатталды, бұл жетістіктері сотталған азаматтардың жеке істерінде көрсетілетін болады.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторында сотқа дейінгі тергеуге қамалған азаматтардан басқа, шаруашылық қызметіне қалдырылған 11 сотталған азамат жазасын өтеуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру