Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Саран қаласында екі жасөспірім ұрлыққа түскен

Қарағандыда бөтеннің мүлкін ұрлаған екі жасөспірім ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қарашада Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөліміне 39 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулердің оның үйінде болмағанын пайдаланып, сыртқы есіктің құлыбын ашып кіріп, үйіне ұрлыққа түскендігі туралы шағымданды.

Күдіктілер екі темір пешті ұрлап кетіп, үйді жылусыз қалдырған.

Келтірілген шығын 50 мың теңгені құрады.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

28 қарашада полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар 17 жастағы екі жасөспірімді ұстады. Олардан айғақ заттар алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру