Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында 500-ге жуық полиция қызметкері марапатталды

ҚР ІІМ мен ПД бастығының бұйрықтарымен Қарағанды облысы Полиция департаментінің 500-ге жуық қызметкері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында  Ішкі істер министрінің және Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығының бұйрықтарымен қызметтік міндеттерін адал орындаған және жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерге Құрмет грамотасы мен медальдар, сондай-ақ алғыс хаттар табысталды.

– 1 желтоқсанда біздің еліміз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді. Бұл мереке – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тәуелсіз Отанымыздың дамуына қосқан үлесі үшін көрсетілген құрмет. 1991 жылдың 1 желтоқсанында осындай мықты және беделді саясаткердің президенттікке сайлануы біздің мемлекетіміздің дамуындағы тұрақтандырушы фактор болды. Елбасының көреген саясаты қарапайым адамдардың шынайы құрметін тудырды және әлем көшбасшыларын тәнті етті. Қазіргі таңда Қазақстанда 140 этнос пен 40 конфессияның өкілдері бір үлкен және тату отбасы ретінде өмір сүруде. Тәуелсіздік жылдарында Тұңғыш Президенттің бастамасымен құрылған және ол басқарған Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан хақын біріктіретін бірегей институтқа айналды, – деді Департамент бастығы Ерлан Файзуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру