Қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі балаларды құттықтады
Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында ОВ-156/16 мекемесінің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларды мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Олар балаларға келіп, сыйлықтар мен тәттілер әкелді.
Мекеме басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. Н. Рамазанов және ОВ-156/16 мекемесінің кадр саясаты қызметкері Д. Ш. Нұрмағамбетовпен бірлесіп, егіз бала Амирхан және Арланның үйіне барды. Олар энцефалопатиямен (ми ауруы) зардап шегеді екен. Ұлдар әкесіз өсіп жатыр. Оларды анасы мен әпкесі тәрбиелейді. Қызметкерлер балаларды балалар күні мерекесімен құттықтап, оларға тәттілер мен ойыншықтар сыйлады. Сонымен қатар Жұмағали Нұрқасымұлы ұлдардың анасына ақшалай көмек көрсетті.
Сол күні қызметкерлер Кураловтар отбасында да болды. Бұл күні кішкентай Давид Куралов туған күнін атап өтті, ол алты жасқа толды. Бұл отбасы пандемияға байланысты табыссыз қалған. Балалар үшін тәттілер мен бірінші қажетті өнімдерді сатып алуға мүмкіндіктері жоқ. Оларға ойыншықтар мен азық-түлік салынған себет табыс етілді.
Қызметкерлердің өз қаражаттарынан жинаған ақшаға балаларды құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.