Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ өзге біреудің депозитінен қомақты қаржы жымқырған

Ақтөбе қаласында алаяқ тұрғынның жеке деректері мен банк депозитінің нөмірін біліп алып, алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 мамыр күні Ақтөбе қаласы Прохоров көшесіндегі букмекер кеңсесінің жанында белгісіз адам ақша айырбастау сылтауымен 1958 жылы туған ақтөбелікке тиесілі 10 мың теңге көлемінде ақшаны иемденген.

Алаяқтықтың тағы бір фактісі, 26 мамыр күні орын алды. Белгісіз адам “OLX” интернет қосымшасы арқылы диванды сатып алу сылтауымен 1963 жылғы ақтөбеліктің жеке деректері мен банк депозитінің нөмірін біліп алған.

Жеке мәліметтерді алған соң, алаяқ депозиттен 960 мың теңге көлемінде ақшаны алған. Алаяқтық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа
дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті ақтөбеліктерге алаяқтардың арбауына түспеуді ескертеді.

Бөгде адамдарға жеке мәліметтеріңізді айтпауыңызды, бейтаныс адамдарға сенім білдірмеуді
сұрайды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру