Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметкерлер кәсіби білімін кеңейтуге мүмкіндік алды

Солтүстік Қазақстан облысында КВИ пандемиясымен байланысты карантин жағдайында ЕО-БҰҰ мекеме қызметкерлері үшін бірқатар тренингтер өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметкерлердің елеулі жұмыс деңгейіне және карантиндік жағдайлар режиміне қарамастан СҚО бойынша ҚАЖД әкімшілігі біліктілік деңгейін арттыру, жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыру тәсілдерін іздестіріп жатыр.

Оқыту мақсаты – сотталғандармен қарым-қатынаста кәсіби дайындықты арттыру, сотталғандармен қарым-қатынас жасаудың ең төменгі стандартты ережелерін (Нельсон Мандела ережесі) қолдану мен тәжірибемен таныстыру. Қызметкерлер өздерінің кәсіби білімдерін кеңейтуге мүмкіндік алды және тестілеуден кейін осы тренингке қатысушылар сертификаттар алды.

Осы құжатта сотталғандармен қарым-қатынас саласындағы ең төменгі стандарттарды орындауға қатысты ұсынымдар ғана берілген. Онда құқықтық және практикалық сипаттағы қолданыстағы халықаралық құралдар; «жұмсақ құқық» қағидаттары, беделді органдардың пікірлері, сондай-ақ қайта қаралған ережелерді түсіндіру және тиімді орындау мәселелері бойынша ұсынымдарды қамтитын ұлттық деңгейдегі практиканың перспективалық түрлерінің мысалдары көрсетілген.
Аталған тренингті СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің бастығы Рустан Ахметжанов, СҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Данияр Харипов, СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің бастығы Тамерлан Валиев, сондай-ақ Департаменттің және ЕС-164/1,3,6,8,9 мекемелерінің шамамен 32 қызметкері өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру