Қызметкерлер қан қорын толықтырды
Шығыс Қазақстан облысы ОВ-156/15 мекемесінде 2020 жылға ішкі істер органдарының имиджін жоғарлату бойынша іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау мақсатында және «Донорлық» акциясы аясында қан тапсыру шарасы ұйымдастырылды , – деп хабарлайды Polisia.kz.
ОВ-156/15 мекемесінің қызметкерлері қан тапсырып, Семейдің қан орталығында қан қорын толықтырды. Ерікті түрде қан өткізуге басшылықтан бастап жұмысшыға дейін ниет білдірді. Шара барысында донорлар алдын ала дәрігер бақылауынан өтіп, денсаулық жағдайларын тексертті. Сол жерде қан топтары нақтылап, гемоглабин көрсеткішін анықтап беріп отырды. Әр қызметкерден шамамен 350-450 мл. мөлшерінде қан донацияланды. Қызметкерлердің қатарында бірнеше рет донор атанған азаматтар да жетерлік.
Солардың бірі – сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бойынша жасақ басшысы Куанышбек Туканов. Өзге адамның өмірін құтқарып қалуға көмектесетін шара барысында жиналған қан ауруханалармен өзге де медициналық мекемелерге жіберіледі. Осылайша «Донорлық» игілікті акциясына мекеменің қызметкерлері өз үлестерін қосты.